Eagleway Cargo – логистика из Китая
Eagleway Cargo — Қытайда, Ресей мен Қазақстанда кеңселері мен қоймалары бар, Қытайдан жеткізу тәжірибесі 7 жылдан асатын халықаралық компания. Сіздің сұрауыңыз бойынша жеткізушіні іздеу, келіссөздерді бастан-аяқ жүргізу, Қытайда жеткізушіге тауардың төлемін жасау, тауарды қабылдап алу және оны өз қоймамызда тексеру, Сіздің жеткізушіңіздің тауарларын топтастыру және қаптау, Сіздің қалаңызға дейінгі тасымалдау-экспедиторлық қызметтер.
Әрбір клиентпен біз достық, ең бастысы серіктестік қарым-қатынас орнатамыз. Сізге жұмыстың әр кезеңінде жүгіңіздің ахуалы жайында немесе өтініміңіздің өңделу кезеңі туралы хабарлап отыратын жеке менеджер тағайындалады
ТОЛЫҒЫРАҚКомпаниямыздың 200-ден астам сенімді жеткізушісі бар, олар Қытайда бизнестің түрлі саласында бізбен немесе біздің клиенттермен серіктес болған. Сіз алаяққа ұрынып, қаражатыңыздан айрылып қалмайсыз. Барлық тауар мәмілені рәсімдеу кезінде де тексеруден өтеді.
ТОЛЫҒЫРАҚКәсіби және ұқыпты логистер — біздің қызметкерлер Сіз үшін Қытайдан жүгіңізді жеткізу үшін ең оңтайлы, ал ең бастысы жылдам әрі үнемді бағдарды таңдап алады. Біздің міндетіміз — клиенттің жақсы табыс тапқаны және бізге қайтадан жүгінгені.
ТОЛЫҒЫРАҚКөпжылдық тәжірибесі мен ұсақ-түйегіне дейін реттелген логистиканың арқасында Eagleway Cargo Қытайдан кез келген жүкті еш өзгешеліксіз жеткізіп береді.Көтерме сауда алаңдары, кез келген жүк, бірлі-жарым тауар, құрама жүктің құрамындағы карго, біздің құжаттарымызбен немесе Сіздің заңды тұлғаңыздың сертификаттауымен — жеткізу түрі мен төлеп алынған орнына қарамастан, кез келген жеткізу нұсқасын тез, арзан және сапалы түрде жүзеге асырамыз.ҚОҢЫРАУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ
Бизнесті жоспарлау үшін айқындылық маңызды, Сіздің жеткізілімдеріңіздің бәрі дер кезінде келуі үшін қолдан келер мүмкіндіктің бәрін жасаймыз.Қазақстан үшін жеткізу мерзімі 10-14 күн, бұл бөлшек сауда дүкендерінің, шағын көтерме және көтерме кәсіпкерлердің жұмысы үшін ең оңтайлы нұсқа.
Ресей үшін жеткізу мерзімі жеткізудің үш нұсқасында:
әуемен жеткізу (9-12 күн); автомен жеткізу (13-15 күн); Т/Ж жеткізу (18-25 күн)
ҚОҢЫРАУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ
Егер Сіз тауардың жеткізу кезінде зақымдалу қаупін азайтқыңыз келсе, «Eagleway Cargo» қызметтердің жоғары сапасы мен мінсіз қызметін ұсынады.
Бізде Қытай, Ресей және Қазақстанның кедендік органдарымен өзара әрекеттесу сұлбалары жөнге келтірілген. Біз тауарларды декларациялау үдерісін толығымен бақылаймыз. Біз жауап беретін тасымалдардың 90%-ы даулы жағдайсыз өтеді. Ондай жағдай туындағанның өзінде, арбитраж қызметін де ұсынатындықтан, біз бірден көмекке келеміз.
Қытайдан тауар сатып алғысы келетін жеке тұлғалар үшін біздің компания тауардың өз компаниясына тасымалын және кедендік тазалауын жүзеге асырып, одан ары қазақстандық компанияның атынан фискалдық кассалық чек бере отырып, тауарды Жеке тұлғаға өткізеді.ҚОҢЫРАУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ
Компанияның негізгі өнімі — өз жүгін мерзімінде және өте жақсы күйде алып, қанағаттанған клиент.Менеджерлеріміз Сізге алып жүрудің барлық кезеңі бойынша егжей-тегжейлі кеңес беріп, жүгіңізді рәсімдеу мен тасымалдау ерекшеліктері туралы айтып береді.ТЕГІН КЕҢЕС АЛУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ
Компаниямыздың меншігінде 500-ден астам контейнер, өз авто паркі бар, сондықтан біз контейнер тасушыны жүк тиеу үшін жөнелтушіге тез жібере аламыз. Біздің компания * Бір белдеу — бір жол * бағдарламасына қатысушы, Сиань, Ляньюнь Ган, Циндао, Гуанчжоу, Да Лянь станса-порттарының тікелей агенті болып табылады. Қорғас-Алтынкөл, Достық-Алашанькоу сияқты өтпе стансалардың бәрінде біздің өз өкілдеріміз бар және біз Сіздің контейнерлеріңіздің дерегі мен фотосуретін жедел түрде ұсынуға дайынбыз.
Логистикалық компанияларды, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін, өндірістік кәсіпорындарды әріптестікке шақырамыз. Біздің компаниямен Сіздің Қытаймен бизнесіңіз еш қиындықсыз жұмыс істейді.
Тауарларды кедендік рәсімдеу — халықаралық логистикадағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Біз контрагенттерімізге оңтайландыруды және кедендік қызметтермен бізге жүгінуді ұсынамыз.
Бұл рәсім көлік пен қатынас жолдарының (автокөлік, теңіз, т/ж, әуе және мультимодальды тасымал) кез келген түріне қатысты. Сатып алынған өнімге кедендік бақылаудан өту үшін құжаттарды рәсімдеу заңнама туралы білімнің жүйелі негізін, құжаттама дайындаудың іс жүзіндегі тәжірибесін қажет етеді.
Біз жүк жеткізуге қатысты барлық мәселені шешеміз, жұмыстың әр кезеңін бақылауда ұстаймыз. Компанияның негізгі өнімі — өз жүгін мерзімінде және өте жақсы күйде алып, қанағаттанған клиент.
Eagleway Cargo компаниясымен қызметтес бола отырып, Сіз жеткізушіге төлем аударымын еш қиындықсыз оңай жасай аласыз.
Біздің менеджерлер Қытайдағы ҚҚС-ты жедел қайтару үшін құжаттар пакетін ешқандай кедергісіз дайындауға көмектеседі.
Сіз Еуразия экономикалық одағы аумағында қолданыстағы сертификаттарды алу үшін Eagleway Cargo-ға жүгінуіңізге болады.
Менеджерлеріміз Сізге алып жүрудің барлық кезеңі бойынша егжей-тегжейлі кеңес беріп, жүгіңізді рәсімдеу мен тасымалдау ерекшеліктері туралы айтып береді.
Тиімді ынтымақтастық тәсімі бізге тұрақты клиенттердің сеніміне ие болуға мүмкіндік берді